ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯҒА БАЙЛАНЫСТЫ ЕРІКТІ ЖАСТАР ФОРУМЫ ӨТТІ

Абай университетінің Сорбонна-Қазақстан институтында «Волонтерлікті дамытудың конституциялық негіздері. Оның құқықтық мәдениетті қалыптастырудағы рөлі» атты ерікті жастар форумы өтті. Референдум қарсаңында өткен іс-шараны ҚР Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі


комиссия мен «Жақсылық акселераторы – Ізгілік Елшісі» ұлттық волонтерлік қозғалысы ұйымдастырды. Ел ертеңіне бейжай қарамайтын волонтер жастар бас қосқан форум жұмысын Абай атындағы ҚазҰПУ Басқарма Төрағасы-Ректоры, «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» республикалық жалпыұлттық коалиция мүшесі Болат Тілеп ашып, жаңа Конституция еріктілік пен волонтерлік қызметті тек әлеуметтік көмек көрсету ретінде


ғана емес, мемлекеттің әлеуметтік жауапкершілік пен азаматтық қоғамды қолдау қағидатының құрамдас бөлігі ретінде танып отырғанын жеткізді. Мәселен, жаңа Бас құжаттың 31-бабының екінші тармағына «…Қазақстан Республикасы әлеуметтік сақтандыруды, басқа әлеуметтік кепілдіктерді, еріктілік (волонтерлік) және қайырымдылық қызметті қолдайды» деген норма қосылған. Бұл норма еріктілік қызметтің


Конституция деңгейінде ресми түрде танылғанын көрсетеді. ҚР Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия төрағасы Игорь Рогов модератор міндетін атқарып, форум жұмысына ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкілі Артур Ластаев, Алматы қаласы мәслихатының төрағасы Мейіржан


Отыншиев, Қазақстан криминология қауымдастығының президенті Өмірәлі Жалаири, «Акселератор добра – Izgilik Elshіsі» волонтерлік қозғалысының жетекшісі Айнұр Сабитова бастаған белгілі тұлғалар мен әр ЖОО-дан келген 200-ден астам ерікті-студент қатысты. ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкілі Артур Ластаев


өз сөзінде Жаңа Конституциядағы фундаменталды адам құқықтарына жеке-жеке тоқтала келе: – Жаңа Конституцияда алғаш рет еріктілер қызметіне мемлекеттік қолдау көрсету және оны ынталандыру нормалары конституциялық деңгейде бекітілді. Бұл – сіздердің ортақ жетістіктеріңіз,


құрметті еріктілер. Бұл жаңалық волонтерліктің жекелеген азаматтардың жеке бастамасы ғана емес, мемлекет мойындаған және қорғалатын конституциялық құндылық екенін айқындайды», – деді. Форумның ашылуына арнайы бейнеқұттықтауын жолдаған ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек студент-еріктілердің азаматтық белсенділігі мен


қоғамдық бастамаларға атсалысуының маңыздылығын атап өтті. – «Izgilik Elshisi» ұлттық еріктілер қозғалысы «Жақсылық акселераторы» жобасының қатысушыларына ерекше ризамын. Сіздердің құқықтық-ағартушылық ынталарыңыз, сыбайлас жемқорлыққа қарсы және экологиялық мәдениетті қалыптастыру бағытындағы жұмыстарыңыздың қоғамдық мәні зор. Бұл форумның ҚР Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі


комиссиямен бірлесіп өткізілуі мемлекет, білім беру ұйымдары және азаматтық қоғам институттары арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықтың нақты үлгісін көрсететіні сөзсіз, – деді министр Саясат Нұрбек. Министр өз сөзінде еріктілер қозғалысы жауапкершілігі жоғары, өзара көмек пен заңдылық қағидаттарына негізделген жаңа буын


көшбасшыларын қалыптастыруға ықпал ететінін жеткізді. Сонымен қатар, волонтерлердің құқықтық-ағартушылық қызметі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және экологиялық мәдениетті дамыту бағытындағы жұмыстарының қоғамдық маңызына ерекше тоқталды. Форум конституциялық реформа жағдайында еріктілерді қолдай отырып, жастардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру, азаматтық жауапкершілігін арттыру, заңдылық пен адалдық қағидаттарын орнықтыру мәселелерін тиімді талқылауға септігін тигізді.


Сараптамалық сессия барысында конституциялық өзгерістердің мазмұны, азаматтық белсенділікті дамыту тетіктері, сондай-ақ студенттік волонтерлік жобалар таныстырылды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы, әлеуметтік және экологиялық бағыттағы волонтерлік тәжірибелер кеңінен сараланды. Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халықаралық деңгейде волонтерлікті қолдау


бастамасын көтеріп, оның Біріккен ұлттар ұйымының Бас ассамблеясының 75-сессиясында «Халықаралық еріктілер жылы» деп жариялау ұсынысы қолдау тапқан болатын. Осы бастама аясында ұйымдастырылған форум – волонтерлік қозғалыстың құқықтық және институционалдық негіздерін нығайтуға


бағытталған маңызды іс-шара. Форумның қорытындысында «Акселератор добра: Ізгілік Елшісі» қозғалысына жаңа мүшелерді салтанатты қабылдау рәсімі өтіп, белсенді еріктілерге алғыс хаттар табысталды.


ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯҒА БАЙЛАНЫСТЫ ЕРІКТІ ЖАСТАР ФОРУМЫ ӨТТІ

Сообщает zanmedia.kz

 

Опубликовано: 20:23, 25.02.2026

 

Новость из рубрики: Авто

 

Поделиться новостью: Поделиться новостью в Facebook Поделиться новостью в Twittere Поделиться новостью в VK Поделиться новостью в Pinterest Поделиться новостью в Reddit

 
 

Жаңа Конституция: Алматыда сарапшылық талқылау өтті 19:38, 25 Фев Жаңа Конституция: Алматыда сарапшылық талқылау өтті Жиынға кім қатысты? Жиынға Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты, ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты сарапшыл...

Толық рестарт: Ақтөбе жаңа инвестормен жаңа маусымға қалай кіріп жатыр 19:47, 25 Фев «Толық рестарт: «Ақтөбе» жаңа инвестормен жаңа маусымға қалай кіріп жатыр?» 2025 жылы Қасым-Жомарт Тоқаев футбол клубтарын жекеменшік басқаруға көшіру туралы бастама көтергеннен кейін, инвестор тапқан алғашқы клубтардың бірі ...

Жамбыл: 41 мектеп-гимназиясында қаржылық және цифрлық қауіпсіздік тақырыбында кездесу өтті 19:28, 25 Фев Жамбыл: №41 мектеп-гимназиясында қаржылық және цифрлық қауіпсіздік тақырыбында кездесу өтті Тараз қаласындағы №41 мектеп-гимназиясында «Заң және тәртіп» тұжырымдамасы аясында қаржылық және цифрлық қауіпсіздікке арналған ақпараттық кездесу ұй...

Күләш Ахметованың мерейтойына арналған Жыр жұлдызы: Күләш Ахметова мұрасы поэтикалық баттлы өтті 19:28, 25 Фев Күләш Ахметованың мерейтойына арналған «Жыр жұлдызы: Күләш Ахметова мұрасы» поэтикалық баттлы өтті «Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы» КММ ақын Күләш Ділдәқызы Ахметованың мерейтойына орай «Жыр жұлдызы: Күләш А...

Респонденттердің 86,5%-ы Жаңа Конституция жобасын қолдайды 19:43, 25 Фев Респонденттердің 86,5%-ы Жаңа Конституция жобасын қолдайды Қоғамдық саясат институты жүргізген сауалнама Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасы жөнінде халықтың хабардарлық деңгейі жоғары екенін ...

Канада Украинаға көмекті арттырып, Ресейге жаңа санкция салды 19:22, 25 Фев Канада Украинаға көмекті арттырып, Ресейге жаңа санкция салды Канада Ресейге қарсы жаңа санкциялар енгізіп, Украинаға қосымша көмек пакетін бөлетінін мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты DW агенттігіне ...

Ақорда жаңа дипломатиялық тағайындау жасады: Садықов Руандаға да жауапты 19:24, 25 Фев Ақорда жаңа дипломатиялық тағайындау жасады: Садықов Руандаға да жауапты Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасының Кения Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Барлыбай Кәрімұлы Садықов Қазақстан Рес...

Қазақтелеком жаңа стратегияға көшті: байланыс операторынан ЖИ-инфрақұрылым провайдеріне 19:38, 25 Фев «Қазақтелеком» жаңа стратегияға көшті: байланыс операторынан ЖИ-инфрақұрылым провайдеріне Компания Қазақстанда мемлекеттік органдарға, бизнеске және халықаралық технологиялық компанияларға ЖИ-жүйелерін бір терезе қағидаты бойынша орналасты...

19:38, 25 Фев Жаңа Конституция – әлеуметтік кепілдіктер мен сөз бостандығын сақтайтын прогрессивті қадам «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясы 16 ақпаннан бастап ел өңірлерінде жаңа Конституция жоба...

19:22, 25 Фев Депутат Астана мен Жезқазған арасын 2 есеге қысқартатын жаңа жол салуды ұсынды Мәжіліс депутаты Асылбек Нұралин өзінің депутаттық сауалында Ұлытау облысының көлік инфрақұрылымын дамыту мәселесін көтерді. Ол Ұлытау – Қорғалжын – ...

19:38, 25 Фев Түркістандағы «Керуен сарай» маңында жаңа мурал пайда болды: мағынасы тереңде Түркістан қаласындағы «Керуен сарай» кешенінің жанындағы тұрғын үйдің қасбетіне Конституциялық реформаны қолдауға арналған жаңа мурал салынды, деп ха...

19:38, 25 Фев Қазақстанда өлім жазасына тыйым салынады: жаңа Конституция қандай өзгеріс әкеледі? Сенат депутаты Бибігүл Жексенбай ғалымдармен және IT мамандарымен кездесуінде жаңа Конституция жобасының негізгі басымдықтарын талқылады. Оның айтуын...

19:27, 25 Фев Жаңа Конституция жобасы аясында медицина қызметкерлерінің мәртебесі талқыланды: болашақ дәрігерлермен кездесу Бүгін 15 наурыз күні өтетін референдум қарсаңында Семей медицина университетінің студенттерімен мазмұнды кездесу өтті. «Әділетті және Прогрессивті Қа...

19:43, 25 Фев Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы Қазақстан Республикасы Конституциясының жаңа жобасы төңірегіндегі ең көп таралған фейктер мен манипуляцияларға шолу дайындады 2-бөлім 6. «Конституциядан «бостандық» ұғымы алынып тасталды» Керісінше, құқықтар мен бостандықтар ең жоғары құндылық ретінде айқындалған. Преамбула ...